Тараптар аймақтағы жағдайды реттеу үшін әскери әрекетті 3 тәулікке тоқтату туралы Мысырдың ұсынысын қабылдады. Сарапшылардың пікірінше, 72 сағаттық жаңа келісім уақытында халықаралық ұйымдарға тараптарды бейбіт келісімге шақырып, қарулы қақтығысты мүлдем тоқтатуға екі жақты келістіруге мүмкіндік туғызып отыр.
БҰҰ хатшысы Пан Ги Мун бұл уақытша келесімге қолдау танытып, осы үзілісті пайдалана отырып, екі жақты тұрақты бейбіт келесімге келуге және қақтығыстың қайта басталуына себеп боларлық кез келген әрекеттен сақтануға шақырды.
Израиль үкіметі тарапынан таратылған ақпаратқа сүйенсек, егер гуманитарлық уақыт тәртібі сақталатын болса, жағдайды тұрақтандыру үшін арнайы делегация келісім үшін Каирге бүгін баруы мүмкін.