«Сіздің Женевадағы орныңыз ерекше болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл жүйесіндегі әріптестерім атынан белсенділігіңіз және ынтымақшылдығыңыз үшін алғысымды білдіремін. Халықаралық қоғамдастық үшін күрделі кезеңде Сіз Женеваны халықаралық қызметтің маңызды торабына, БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі күш-жігері мен көптеген шараларының орталығына айналдыруға ықпал еттіңіз», - делінген БҰҰ Бас Хатшысының жеделхатында.
Қызметі мен достығына өзінің ризашылығын білдірген Пан Ги Мун Қ.Тоқаевқа жаңа әрі жауапты миссияны жүзеге асыруда ізгі тілектестігін жеткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.