«Әлем көшбасшылары төмен көміртекті экономикаға көшіп жатыр. Бірқатар елдің тамаша қадамдарына да куә болдық. Шын мәнінде баламалы энергия көздері мен жасыл экономика үлесі күннен-күнге артып келеді. Баламалы энергияға қатысты шешімдер құны да дәстүрлі энергиямен бәсекелесе алатындай деңгейге жетті. Бұл жаһандық талапта Қазақстанның көшбасшы елдердің бірі екенін атап өткім келеді», - деді Пан Ги Мун.
БҰҰ 8 хатшысы жасыл даму бағытында қызмет етіп жүргенін және Қазақстанда атқарылып жатқан жобаларға қолдау білдіру қажеттігін баса айтты.
Еске сала кетсек, елордада XI Астана экономикалық форумы өтіп жатыр.
Биылғы форумда роботизация, адамзаттың өзгеруі, агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктер, денсаулық саласының мәселелері талқыға салынады.
Форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысуда, бұл рекордтық көрсеткіш. Топ-спикерлер арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас директоры Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер сынды есімдер бар. Одан бөлек, Астанаға Францияның бұрынғы президенті Олланд Франсуа, физик, футуролог Митио Каку, Халықаралық Олимпиада комитетінің Этика жөніндегі комиссиясының төрағасы және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун, Golman Sachs бұрынғы төрағасы Джим О'Нил келді.