Әнші осы жиын барысында екі ән тарту еткен. Пан Ги Мун болса Кончитамен ол Евровидение жеңімпазы атанған сәттен бастап нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу - дискриминацияға қарсы күресіп жүргені үшін танысқысы келгенін айтты.
Айта кетейік, Кончита Вурст биылғы "Евровидение-2014" әншілер байқауында "Rise like a Phoenix" әнімен жеңіске жеткен. Сонымен қатар ол бүгінгі таңда субмәдени топ мүшелерінің құқығын қорғайтын түрлі саяси форумдарға атсалысып жүр.