Пан Ги Мун мыңжылдықтың даму мақсаттарының бірі - кедейшілікпен күрес АЭФ көмегімен сәтті аяқталатындығына сенім білдірді

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін VI Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У Хунбо мәжіліс қатысушыларына Пан Ги Мунның үндеу хатын оқып берді.

«Сіздер жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында жиналып отырсыздыр. Жұмыссыздық көп, құқықтық тепе-теңсіздік пен банк жүйесінің әлсіздігі әлі де сақталып отыр. Бұның бәрі әлемдік экономиканы қалпына келтіру жұмысын тежеуде. Осындай жағдайда біз бірлесіп қызмет етуіміз керек. Жаңа жұмыс орындарын ашқан жөн. Әсіресе, әйелдер мен жастарды жұмыспен кеңінен қамту қажет. Меніңше, әлемдік экономиканы басқарудың жаһандық құрылымында дамушы мемлекеттердің мүддесі де ескерілуі тиіс. Мыңжылдықтың даму мақсаттарының бірі - кедейшілікпен күресті іске асыру жұмысының аяқталуына үш жылдай уақыт қалды. Дәл қазір біз бірігіп, осы бір мыңжылдық міндетті орындауға атсалысуымыз қажет. Осы жағынан Астана экономикалық форумы көмек болады деп білемін», - деп атап көрсетті Пан Ги Мун.