БҰҰ басшысының айтуы бойынша, ол бұған дейін апаттың мұншалықты талқандаушы жойқын күшін көрмепті, деп хабарлайды ВВС.
Сондай-ақ, Бас хатшы әлемдік қауымдастықты Пәкістанның зардап шегіп отырған аймағына көмекті жылдамдатуға шақырды, апат аймағындағылар дәрі-дәрмек пен тұтыну бұйымдарына қажеттілікті қатты сезініп отыр.
Пан Ги Мун БҰҰ-ның есептелмеген шығындар қорынан қосымша 10 млн. доллар бөлінетіні туралы жариялады. Осылайша, БҰҰ тарапынан бөлінетін көмек қаржының жалпы сомасы 27 млн. долларға жетті. Бұдан басқа, ол басқа елдерді де көмек көрсетуге шақырды.
Ресми мәліметер бойынша, жойқын су тасқыны салдарынан Пәкістанда 20 миллионнан астам адам зардап шекті, 1500-ден астам адам опат болды.