Пан Ги Мун Сириядағы жағдай БҰҰ үшін абыройсыздық екенін мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы қантөгісті тоқтатуға қауқарсыздықтан осы елдегі қазіргі ахуал Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін ұятты болды. Бұл жайында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлім етті, деп жазады РБК.

Сонымен қатар ол адамдардың құқы тапталып жатқан Орталық Африка Республикасындағы оқиғаларға тоқтала келе, онда көптеген өңірлерде бейбіт тұрғындардың өміріне қатер төніп тұрғандығын сөз етті. БҰҰ Бас хатшысы Еуропа елдерінде мигранттарға, мұсылмандарға қатысты өшпенділік жағдайы жайында да сөз өтті.

Пан Ги Мунның баяндамасы Нью-Йоркте Руандадағы этникалық қақтығыстың 20 жылдығына арналған «Квибука-20» салтанатты рәсімінде жасалды.

Айта кетейік, Руандадағы геноцидтің нәтижесінде түрлі есептеулер бойынша 1994 жылы 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам қаза тапты.