Пан Ги Мун: Таяу Шығыс тағы бір соғысты көтере алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Израиль мен палестиналық өкілдер дереу келіссөздер жүргізуі тиіс екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, тағы бір әскери қақтығыс өңір үшін апатты салдарды алып келеді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Бас хатшы зорлық-зомбылықтан көбінесе бейбіт тұрғындар зардап шегетінін сөз етті.

Бұдан бұрын Мысыр жарақат алғандарды тасымалдап, емдеу үшін Газа Секторымен шекараны ашты.

Палестиналық биліктің хабарлауынша, оның аумағында құрбан болған тұрғындардың саны 100-ге жетіп қалды, деп жазады ВВС.

Газа Секторы мен Израиль арасындағы зымырандық соққылар төртінші күнге жағасып отыр.