Панамада 2,7 тонна кокаин тәркіленді

Фото: None
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ, Колумбия және Панама полициясының бірлескен операциясы нәтижесінде Бокас дель Диабло жағажайында 2,7 тонна кокаин тәркіленді, деп хабарлады Би-би-си.

Есірткі заты кемемен Колумбиядан әкелінген. Осы елдің полициясы есірткі тасымалы туралы АҚШ билігіне хабарлаған.

Есірткі тәркіленгенімен, оны тасымалдаған қылмыскерлер қашып үлгерген.

Есірткінің құны 54 млн. АҚШ долларын құрайды.