Panasonic және Canon Қытайдағы фабрикаларының жұмысын тоқтатты

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Panasonic электроникасын өндіруші жапондық компания қытайлық наразылық білдірушілер тарапынан компанияның екі фабрикасына шабуыл жасалғаннан кейін,

ҚХР-дағы өзінің бір зауытының жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады Би-Би-Си.

Компания 18 қыркүйекке дейін өзінің Циндао қаласындағы зауытын жабуға шешім қабылдады.

Сanon компаниясы да 18 қыркүйекке дейін өзінің үш зауытын жабуға ұйғарды.

Айта кетейік, Қытайда тұрғындардың наразылық білдірулері екінші аптаға жалғасуда. Олар Жапонияның Қытаймен даулы Шығыс-Қытай теңізіндегі аралды олардың жапондық иелері - Кирухара отбасынан сатып алу шешіміне қарсы. Наразылықтың салдарынан бірқатар жапондық компаниялар, оның ішінде көлік өндіруші Toyota компаниясы зардап шекті.