Пандемия басталғалы 4 мыңға жуық түркістандық коронавирустан жазылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Соңғы бір тәулік ішінде өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,55% төңірегінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы алғанда пандемия басталғалы бері өңірде 4 148 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3900 емделуші айыққан, ал симптомсыз 2898 азамат ауырған.

Облыс аумағында ПТР-сынақ әдісімен жарты миллионға жуық зертханалық зерттеу жасалған. Бүгінгі күнге 256 адам инфекциялық және карантиндік жағдайда емдеуде. Түркістан облысы «жасыл аймақта».

Айта кетейік, облыс аумағында 610 инфекциялық және 340 карантиндік орын дайын. Вирустың өршіген алған жағдайда, олардың санын 6 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бар.