Пандемияда басталған бэби-бум басылды: Елде жаңа туған сәбилердің саны азайып келеді

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны — 20 033 546 адам. Ұлттық статбюро осындай мәлімет таратты. 

Фото: Pixabay

Оның ішінде:

қала халқы — 12 451 004 адам
ауыл халқы — 7 582 542 адам

12 ай ішіндегі халықтың жалпы өсімі — 266 739 адам.

2023 жылы Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (2022 жылы — 403,5 мың сәби, 2021 жылы - 446,5 мың, 2020 жылы - 426,6 мың).

Оның 200,3 мыңы — ұл, 187,6 мыңы — қыз.

Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда — 19,50. 

Аталған кезеңде 130,6 мың адам қайтыс болды, бұл ретте өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,56 болды.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 26,78 адам), Түркістан (26,11) облыстарында және Шымкент қаласында (25,68) байқалды.

12 айда 1 жасқа толмаған 3215 нәресте қайтыс болды.

2022 жылмен салыстырғанда нәресте өлімінің коэффициенті төмендеп, 1000 туғанға 7,69 құрады (2022 жыл – 7,97).