Пандемияны жаппай вакцинациялау арқылы ғана жеңуге болады – Алматы жастары

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемияны жаппай вакцинациялау арқылы ғана жеңуге болады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының жастар көшбасшылары Нұрсұлтан Бекқайыров пен Бағдат Анарбаева айтты, деп хабаплайды ҚазАқпарат тілшісі.

Jas Otan Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыровтың айтуынша, ғалымдар мен вакциналарды әзірлеушілердің арқасында COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсеткіштер азайып келеді.
«Біз жас ұрпақ тәуекел тобындағы үлкендерге қамқорлық жасауымыз керек. Біз тек маска киіп қана қоймай, коронавирустың тасымалдаушысы болмас үшін вакциналануымыз керек. Біз қалыпты өмір салтына шектеулерсіз оралуымыз тиіс», - деп есептейді Нұрсұлтан Бекқайыров.
«Арлан» белсенді жастар бірлестігі» ҚҚ төрайымы Бағдат Анарбаева жасөспірімдерді вакциналаудың көптеген артықшылықтары бар екеніне сенімді.
Ол ұйымда бұрын екпе ала алмаған ЖОО-ның 100-ден астам кәмелетке толмаған жастар бар екенін атап өтті. Енді Pfizer вакцинасының арқасында олар мұны жасай алады.
«Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда жеңіл ауырса да, инфекцияны таратушы болуы мүмкін. Көптеген елдер жасөспірімдерді, ал кейбіреулері жас балаларды вакцинациялай бастады. Менің білуімше, вирус жұқтырған балалар вирусты белсенді түрде таратады — бұл отбасының үлкендеріне қауіп төндіреді, - деді Бағдат Анарбаева.
Еске салсақ, Алматыда Pfizer препаратымен екпені 12 жастан бастап ата-анасының біреуінің жазбаша келісімімен жасөспірімдер ала алады.
Медициналық препараттың бір құтысы алты адамға арналған. Вакцинаның екі компонентін 21 күндік аралықпен алу керек.
Қазір қалалық емханаларда екпе салына бастады, уақыт өте келе мектептерде вакциналау қолға алынатын болады.