Ал оқиға орнынан бой тасалаған үш күдікті қызметкер жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірмеді.
«Панфилов аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шеттетілгенін растаймыз. Ал оқиға орнынан қашып кеткен полицейлер ұсталған-ұсталмағаны жайлы бізде ақпарат жоқ», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Сергей Незнаев.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы Панфилов ауданының шенді полицейлері пара алды деп айыпталып отыр. Олар 2 491 дана ондатр терісін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алды деп күдікке ілікті. Тергеу жалғасып жатыр.