Панфилов ескерткіші батырлар саябағының бастамасы болады - батырдың немересі Алуа Байқадамова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловқа қойылған ескерткіш батырлар саябағының дамуына бастама болуы мүмкін, деп есептейді батырдың немересі Алуа Байқадамова.

Ол бүгін Астанада И. Панфилов ескерткішінің ашылу салтанатында өз ойларымен бөлісті.

«Ескерткіш батырға лайық екен. Менің ойымша, бұл жерде оның жалғыз емес, барлық 28 панфиловшымен бірге тұруының үлкен мәні бар. Сонымен қатар, бұл үлкен саябақ та сондай әдемі. Сондықтан бұл жер Қазақстандағы осындай батырларға арналған саябақтардың бастамасына айналып кетуі де мүмкін. Өйткені біздің байтақ елімізде атам сияқты батырлар өте көп», - дейді А. Байқадамова.

Барлық батырларды ұмытуға болмайды. Олардың есімдері ел есінде мәңгі қалуы тиіс.

«Менің ойымша бұл саябақ уақыт өте келе Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағы сияқты деңгейге жетіп, оған барлық халық келіп, панфиловшылардың ерлігін еске алып отыратын болады», - деді батырдың ұрпағы.