— Папуа-Жаңа Гвинея жағалауындағы жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі жарияланды, — деп хабарлады АҚШ метеорологтары.
Еске сала кетейік, бұған дейін Папуа-Жаңа Гвинеядағы көшкіннен кейін 2 мыңнан астам адам үйінді астында қалғанын жазған болатынбыз.
Папуа-Жаңа Гвинея үкіметі Энга провинциясындағы Каокалам таулы ауылында болған көшкінге байланысты БҰҰ-нан көмек сұраған еді.
Үкімет БҰҰ-ға жолдаған хатында көшкіннің салдарынан 2 мыңнан астам адамның тірідей көшкін астына көмілгенін атап өткен болатын.