Жер дүмпуі аралдың әкімшілік орталығынан 47 шақырым жердегі Арава қаласында сезілген. Осыған байланысты, Тынық мұхиты цунамиді ескерту орталығының хабарлауынша, алдағы үш сағатта Папуа - Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Науру, Понпеи, Косраэ, Вануату, Трук және Индонезия аралдарының жағаларына «аса қауіпті цунами толқындары келуі мүмкін».
Зілзаладан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жайлы ақпарат жоқ.
Өткен жылы 17 қазанда Папуа-Жаңа Гвинея жағасында жер сілкінді. Ондағы магнитуда 6,9 болған еді және цунами қаупі жарияланбады.