ПОРТ-МОРСБИ. KAZINFORM – Папуа-Жаңа Гвинея үкіметі көшкін салдарынан 2 мыңнан астам адам үйінді астында қалғанын мәлімдеді, деп жазады Анадолы.
Папуа-Жаңа Гвинея үкіметі Энга провинциясындағы Каокалам таулы ауылында болған көшкінге байланысты БҰҰ-нан көмек сұрады.
Үкімет БҰҰ-ға жолдаған хатында көшкіннің салдарынан 2 мыңнан астам адамның тірідей көшкін астына көмілгенін атап өтті. Көшкін ғимараттарға айтарлықтай зиян келтірді, деп қосты үкімет.
24 мамырда Папуа-Жаңа Гвинеяның Энга провинциясында көшкін болды. Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жексенбі, 26 мамырда табиғи апат салдарынан 150 үй мен 670-ке жуық адамның жер астында қалғанын хабарлады.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы