ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары мен осы бөлімнің бас маман – бухгалтері қызметтерін атқара жүріп, пара алды деп күдікке ілінген азаматтарға қатысты сот үкімін шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сотталушылар Түркістан қаласының Отырар шағын ауданында сыртқы желілерді төсеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін ЖШС өкілінен 1,1 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.
Сот үкімімен бұрынғы бөлімі басшысының орынбасарына 73 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, бөлімнің бас маман – бухгалтеріне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.