Атап айтқанда, ішкі істер органдарының мәліметтер базасына тіркелген жазбаны алып тастау үшін 195 мың теңге көлемінде пара алған Астана қалалық ІІД Сарыарқа аудандық ІІБ-нің жедел уәкілі А.Ережепов ұсталды. Қазіргі уақытта ол ҚР ҚІЖК 128-ші бабына сәйкес Астана қалалық ІІД оқшаулағышына қамалды.
Сонымен қатар мас күйінде көлік басқарған жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алып жатқан жерінен Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жол шолғыншы полициясы аға инспекторы Б.Бахымбеков пен испектор Н.Сыздықов ұсталды.