Қарағандыда пара алғаны үшін айыпталған Жезқазған қаласы қорғаныс істер басқармасының бұрынғы басшысы подполковник Руслан Шәкірхановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
«2018 жылы 8 ақпанда Руслан Шәкірханов өзінің қызметтік кабинетінде әскерге шақырылған азаматты әскерден босату үшін 150 000 теңге көлемінде пара алған. Кейін оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері ұстаған», - деді Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Айдар Исабеков.
Жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, сот Руслан Шәкірхановты ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша айыпты деп таныды және оған 9 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, сот оны әскери шенінен айырды.
Үкім заңды күшіне енді, деп хабарлады Қарағанды гарнизонының әскери сотынан.