ҚР Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры В.Пегановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
В.Пегановөңірдегі кәсіпкерлерден ағаш кесу және әкетуге рұқсатберу үшін 1 млн 231 мың теңге пара алды деп күдіктелген.
15 тамыздаПетропавл қалалық сотының шешімімен В.Пеганов алты жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі төменқылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді.
Сотталушы мемлекеттікқызметте және жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.