Олар қаржы қолына тисе, баласын жауаптан босатуға уәде беріпті. Алайда Ақтөбе тұрғыны облыстық қаржы полициясына шағым жазып, қос сақшыны ұстап берген. Пагон таққан күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Осы факті бойынша ҚР ҚК 311-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма басшысының орынбасары Елубек Таласов.