Теміртау қалалық соты «Теміртау қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Бақшагүл Рахимова ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағы «пара алу» бойынша айыпты деп таныды. Ол өз кінәсін мойындап, Теміртау прокуроры Арман Ақановпен кінәсін мойындайтындығы туралы процессуалдық келісім жасаған. «Сотталушы Рахимова Бақшагүлді Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2 және 3- тармақтары бойынша кінәлі деп танып, оған алған парадан жетпіс есе көп айыппұл салуды, яғни 5 миллион 600 мың теңге төлеу жазасын тағайындаймын. Қосымша жаза ретінде оның қылмыстық жолмен қол жеткізген мүлкі тәркіленеді», - деді Теміртау қалалық сотының судьясы Асанәлі Смайылов.
Бұдан бөлек, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқынан айырылды.