Пара Азия кубогы: Қазақстан қоржынында 6 медаль бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда пара шаңғы мен биатлон спортынан Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Азия кубогында Қазақстан құрамасы атынан Қостанай облысының 3 спортшысы қатысуда», - деп жазылған комитеттің Фейсбук парақшасында.

Жарыстың бірінші күнгі нəтижесінде 5 шақырым қашықтықта Юрий Березин алтын медаль (отырып ойнау, классика), Владимир Стассюк күміс медаль (тұрып ойнау) жəне Нұрлан Əлімов (тұрып ойнау) қола жүлде иеленді.

Спорт бəсекесінің екінші күннің қорытындысы бойынша 10 шақырым қашықтықта Ю.Березин алтын медаль, Н.Əлімов күміс жəне В.Стассюк қола жүлдені еншіледі.