АСТАНА. KAZINFORM - Таиландта өтіп жатқан ққұрлықтық додада отандастарымыз 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Жарыс барысында Бибарыс Спатай екі алтын, бір қола алса, Максим Богатырев бір алтын, екі күміс медальға қол жеткізді. Ал Жаңыл Балтабаева екі күміс, Мейіржан Армия бір күміс, бір қолаға қол жеткізді.
Айта кетсек, Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу спортынан жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды.
Құрлықтық додаға 15 елден 300-ге жуық спортшы келді. Аталған жарыста еліміздің атынан Мария Бровкова, Дінмұхаммед Шынқожаев, Богдан Яценко, Михаил Затолокка, Сұлтан Шарапиев, Руслан Федотов, Анна Емельяненко, Вероника Трапезникова, Ульяна Иванова, Малика Тұрсын, Эвелина Костенко, Ольга Сурмина сынды белгілі шеберлер сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.