«Өкінішке орай қаралы хабарды естідік... Тағдырдың талай қиындығын көрсе де мойымаған, жаны жайсаң Нышан Өмірәлі мәңгілік мекеніне аттаныпты. Пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу, 2014, Лондон, 2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), екі дүркін Паралимпиада ойындарына қатысушысы. Аз ғана ғұмырында талай игі ісімен көптің көңілінде қалған Нышанның жақындарына көңіл айтамын. Жаратқан панасына алсын!» - деп жазды ол.
Айта кетейік, Пара таеквондошы Нышан Өмірәлі Париждегі Паралимпиада ойындарына қатысқан болатын.