Пара жеңіл атлетика халықаралық чемпионаты: Қазақстанда қос жүлде бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық параспортшылар халықаралық пара жеңіл атлетика чемпионатынан екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.

24-26 сәуір күндері Морокконың Марракеш қаласында халықаралық паралимпиадалық комитет ұранымен пара жеңіл атлетикадан халықаралық чемпионат өтті.

«Халықаралық чемпионаттан біздің атлеттер алтын және күмістен алқа тақты. Руфат Хабибуллин найза лақтырудан алтын медальды қанжығасына байласа, Дастан Мұқашбеков диск лақтырудан күміс жүлдеге ие болды» - деп хабарлайды паралимпиада комитеті.