Бұл - 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыс.
Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, 6 жүлделі орынға ие болды:
1 орын - Салтанат Әбілхасымқызы (200 м қашықтыққа жүгіру);
1 орын – Равиль Мансурбаев (ядро итеру);
2 орын - Руфат Хабибулин (100 м қашықтыққа жүгіру);
3 орын - Руфат Хабибулин (найзаны лақтыру);
3 орын – Дастан Мукашбеков (ядро итеру);
3 орын – Салтанат Әбілхасымқызы (100 м қашықтыққа жүгіру).
«Гран-при жарыстарына Қазақстан тарапынан 7 спортшы қатысты. Спортшылардың дайындығы жоғарғы деңгейде болды. Бұл жарыста 6 жүлдеге қол жеткіздік. Оның ішінде Салтанат Әбілхасымқызы, Равиль Мансурбаев, Дастан Мукашбеков пен Руфат Хабибулин лайықты өнер көрсетіп, Пара Азия ойындарына іріктеуден өтті», – дейді дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мәулен Нәсіпқали.