Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб басшылары комитетінің төрағасы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев өз сөзінде, әуе парадының - ең тартымды және ең күрделі іс-шаралардың бірі екенін атап көрсетті.
- Топтасып, «төрттікпен» ұшу дайындығы солардың ең күрделі түрі болып табылады. Мен ұшқыштар үшін қуаныштымын және олардың парадта өз міндеттерін орындайтынына сенімдімін, - деді М.Алтынбаев.
- Парадқа қатысатын авиациялық техника - жаңа, олар барлық жөндеу жұмыстарынан өтті. Ұшқыштар ұшудың бұл түріне дайындалған. Соңғы 3-4 жылда біздің ұшқыштардың, Кеңес Одағы тұсындағы кезден көбірек ұша бастағанын айта кету керек, - деді қорғаныс министрінің орынбасары.
Конституция күніне арналған парадқа авиациялық техниканың 40 бірлігі қатысады. Олардың қатарында атақты «Су-25», «Миг-27», «Миг-31» және «Су 27» ұшақтары бар.