Парадзюдо: Ерғали Шамей Астанадағы әлем чемпионатында 1/8 финалдан аса алмады
АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Ерғали Шамей (81 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Бұдан бұрын әлем чемпионы атағын жеңіп алған ол 1/8 финалда франциялық Сирил Жонарға есе жіберді. Қарсыласы үш бірдей Паралимпиадада жүлдегер атанған тәжірибелі спортшы еді. Екеуі жеті минут бойы шеберлік байқасты. Нәтижесінде Ерғали қарсыласына есе жіберіп қойды.
Ерғали Шамей 1985 жылы дүниеге келген. 2022 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2024 жылы Олимпиадада күміс жүлдегер атанды.
Жарыстың өтуіне Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) қолдау білдірді. Онда 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жер-жаһанның 40 елінен келген 350-ден астам үздік спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында 15 Паралимпиада чемпионы мен жүлдегері бар.
Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.