НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Атырауда парадзюдодан Азия және Океания чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атырау қаласында пара дзюдодан Азия және Океания чемпионатының негізгі бөлігі аяқталды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды», - деп жазылған ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің Facebook парақшасында.
Хабарламада айтылғандай, бүгін командалық жарыс өтіп жатыр.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.