Парадзюдодан Grand Prix: Ғалымжан Смағұлов финалда белдеседі

АСТАНА.KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан парадзюдодан Grand Prix жарысының алғашқы күнінде ерлер арасында финалдық бәсекеде белдесетін спортшылар белгілі болды.

Фото: Парадзюдо федерациясы

Ерлер арасында J2 санатында 81 келі салмақта Қазақстандық спортшы Ғалымжан Смағұлов финалға жолдама алды.

Сонымен қатар, J1 санатында 70 келі салмақта қазақстандық спортшылар Темірболат Ташкенов және Асылан Нұрдәулетов қола медаль үшін белдеседі.

J1 санатында 81 келі салмақта Бауржан Арстанбеков отандасы Ерболат Бекентаевпен қола медаль үшін белдеседі.

Бұған дейін пара дзюдодан Grand Prix жарысы ресми басталғанын хабарлаған болатынбыз.

 Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр, олар 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады.