Чемпионаттың ерекшелігі – алғаш рет әйелдер сынға түсті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 60 спортшы қатысты.
«Бірінші чемпионатта 16 адам бақ сынаса, биыл 60-қа тарта спортшы қатысып отыр. Қатысушылар саны жыл сайын өсіп келе жатыр. Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша, Қазақстан чемпионатында лидерлеріміз жарақат алып қалып жатады. Алдымызда Паралимпиада келе жатқандықтан, бірінші нөмірлі палуандарды күрестірген жоқпын, өйткені жарақаттанса, алдағы халықаралық турнирлерге қатыса алмайды. Жаңа есімдер өте көп. Осы жолы жаңа палуандар келді», - дейді парадзюдодан ҚР бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов.
Бұл жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы жасақталды. Еліміздің паралимпиадылық құрамасы 19 ақпанда Грузияда өтетін парадзюдодан Әлем кубогына, наурыз айында Токиода өтетін парадзюдодан халықаралық турнирге, сәуір айында Англиядағы, мамыр айында Әзербайжандағы Гран-При турнирлеріне қатысады.
Чемпионаттың нәтижелері:
-57 кг (әйелдер)
1 орын – Даяна Федосова (Қызылорда облысы)
2 орын – Меруерт Даирханова (Павлодар облысы)
70 кг (әйелдер)
1 орын – Зарина Байбатина (Атырау облысы)
2 орын – Айдана Кенжебай (Қызылорда облысы)
3 орын – Асем Аманбек (Қызылорда облысы)
-60 кг (ерлер)
1 орын – Азамат Жамауов (Нұр-Сұлтан)
2 орын – Ғалымжан Жұмәділ (Жамбыл облысы)
3 орын – Бақытжан Жұмәділ (Жамбыл облысы)
3 орын – Әділет Адамбеков (Жамбыл облысы)
-66 кг (ерлер)
1 орын – Азамат Нокушев (Алматы)
2 орын – Бауржан Арстанбеков (Нұр-Сұлтан)
3 орын – Азамат Нурдаулетов (Алматы облысы)
3 орын – Жанат Асаубаев (ШҚО)
-73 кг (ерлер)
1 орын – Бекзат Муханбетов (ШҚО)
2 орын – Жігер Маусымов (БҚО)
3 орын – Ерғали Шамей (Нұр-Сұлтан)
3 орын – Қайролы Гулдибаев (Нұр-Сұлтан)
-81 кг (ерлер)
1 орын – Ғалымжан Смағұлұлы (Атырау облысы)
2 орын – Темирболат Ташекенов (Атырау облысы)
3 орын – Керимжан Омарбеков (Жамбыл облысы)
3 орын – Нұржан Байменьшин (Ақтөбе облысы)
-90 кг (ерлер)
1 орын – Жанбота Аманжол (Атырау облысы)
2 орын – Қанат Сағандык (Алматы)
3 орын – Ерлан Конкиев (ШҚО)
3 орын – Асылбек Алпишев (Маңғыстау облысы)
-100 кг (ерлер)
1 орын – Жандос Досан-аман (Нұр-Сұлтан)
2 орын – Ерлан Утепов (Атырау облысы)
3 орын – Николай Пилипенко (Павлодар облысы)
100 кг (ерлер)
1 орын – Бакыт Исмагулов (Атырау облысы)
2 орын – Талгат Ажигалиев (БҚО)
3 орын – Болат Смагулов (СҚО)
3 орын – Бауржан Кайранов (Алматы облысы)