Парадзюдошы Зарина Райфова Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
22:14, 07 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында парадзюдошы Зарина Райфова қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық спортшы J2 санаты бойынша 70 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін италиялық Каролина Костамен белдесті.
Жекпе-жек өте тартысты өтіп, қосымша уақытта италиялық парадзюдошы үшінші ескерту алып, Зарина жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түсті.
Бүгін, сондай-ақ, 90 келіден астам салмақта J2 санаты бойынша тағы бір қазақстандық Жүрқамырза Шүкірбеков қола жүлде үшін татамиге шығады. Оның қарсыласы - франциялық Насер Зоргани.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жүрқамырза Шүкірбековтің жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.