– 2025 жылы бюджет процесіне бюджеттен тыс қорлар енгізілді. Алайда, олардың нақты саны туралы толыққанды есеп пен тиісті деректер жоқ, - деді Әлихан Смайылов.
Жоғары аудиторлық палата төрағасы бюджеттің атқарылуы туралы есепте төрт бюджеттен тыс қор бойынша ақпараттың көрсетілуі жеткіліксіз деп есептейтіндіктерін баса айтты.
– Олардың қызметiнiң нәтижелiлiгiне және бюджеттен тыс ағындардың ашықтығына толыққанды бағалау жасалмады. Парафискалдық төлемдер тиісті бақылаудан тыс қалып отыр. Олар бюджеттiк жүйеден тыс жүредi, және тиімділігі бағаланбайды, - деді ол.
Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқыланып жатыр.