Парагвай президентінің ұлы қамауға алынды
09:03, 21 Қазан 2013
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Майамиде (АҚШ-тың Флорида штаты) Парагвай президенті Орасио Мануэль Картестің 29 жастағы ұлы қамауға алынды.
Оған себеп - оның агрессивті мінез-құлқы, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Оны босату үшін бір жарым мың доллар көлемінде кепілдік беру керек. Хуан Пабло Картес Майамиде оқиды және сонда тұрады.