Іздеушілер қазынаны табуға жақын екендіктерін айтуда, деп жазады латын-америкалық БАҚ.
Қазынаны маршал, Парагвайдың ұлттық батыры, бұл елге қарсы Үштік альянс соғысы кезінде (Бразилия, Аргентина және Уругвай) қаза тапқан Франсиско Солано Лопес жасырған.
«Өз мақсатымызға жетуге жақын қалдық, алайда бізге жиналған су алтынды алып шығуға кедергі болып тұр», - деді қазына іздеушілердің бірі. Олардың жүргізіп жатқан жұмыстарының аумағы 100 метрдей, ал тереңдігі 15 метр.
Іздеушілердің мәліметі бойынша, алтын құймалары шамамен 100 келідей болуы керек.