Парагвайлық сенаторды жемқорлыққа байланысты иммунитетінен айырды

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Парагвай Сенаты жемқорлық бойынша айыпталған сенатордың бірін парламенттік иммуниттен босатты.

ВВС-дің жазуынша, енді сенатор Виктора Богадоға қатысты басқарушы «Колорадо» партиясы тексеруді бастауы мүмкін. Бұдан бұрын сенаторлар оны қол сұғылмаушылық құқынан айырғылары келмеген еді, алайда бұл қоғамның ашуын тудырды. Енді ол алаяқтығы үшін және балаларының бұрынғы күтушісіне жақсы жұмыс тауып беру үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланды деген айыптауларға жауап беретін болады. Өз кезегінде сенатор барлық айыптауларды мойындамай отыр.