Герлиц атыс шебінде 6 рет қателесіп, жарыс жолын 40 минут 51 секунд нәтижемен аяқтады.
Бірінші орынды франциялық Бенджамин Давет алды, украиналық Игорь Рептюк екінші, Канада өкілі Марк Арендз үшінші болды.
Ал пара-биатлон жарысында жерлесіміз Сергей Усольцев 11-орынмен шектелді.
Еске сала кетейік, шаңғы жарысында Александр Герлиц төртінші орынды алып, 1994 жылдан бергі қазақстандық паралимпиадашылардың ең жоғары нәтижесіне қол жеткізген болатын.