«Қолдау білдірген қазақстандықтарға үлкен рахмет. Пхенчхандағы трасса өте ыңғайлы, жарыс жоғары деңгейде өтті. Николай Чеботькоға алғысым шексіз. Ол маған балшықта сырғанайтын шаңғы берді. Осының арқасында мен жеңіске жеттім», - деді Александр Колядин.
45 жастағы спортшы шаңғы спортымен 12 жасынан бастап айналыса бастаған. 1997 жылы қайғылы жағдайға душар болып 3 дәрежелі мүгедектік алды. Осыдан соң Александрға спорттан уақытша қол үзуге тура келген.
2013 жылы пара-шаңғы спортына келген, 2014 жылдан бастап Василий Коломиецтің бапкерлігінде жаттығып келеді.
Александр Колядин 2014 жылы өткен Паралимпиада ойындарында да өнер көрсеткен.
Айта кетейік, Қазақстан Паралимпиада ойындарының ұлттық құрамасы Пхенчхан-2018 Олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есеп бойынша 13-орынға табан тіреді.
Бұған шаңғышы Александр Колядиннің 1,5 км қашықтыққа спирнтерлік жүгіру бойынша Қазақстан қоржынына салған алғашқы «алтыны» септігін тигізді.
Жалпы есеп бойынша АҚШ құрамасы 8 алтын, 6 күміспен АҚШ алда келе жатыр. Барлығы 22 елдің спортшысы қазір медаль иегері атанып отыр.