АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 7 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жарыс жолына шығады.
Парадзюдодан 12:30-да ел құрамасынан Ғалымжан Самғұлұлы, Ерлан Өтепов, Бауыржан Арыстанбеков, Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков татамиге шығады.
Ал параканоэден 13:14-те Бибарыс Сыпатай, 13:49-да Жаңыл Балтабаева сайысқа түседі.
Айта кетсек, Паралимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.
Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.