АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 1 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш сайыс түрінен жарыс жолына шығады.
Алдымен пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов сағат 12:30-да сайысқа түседі.
Ол 31 тамызда финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.
Одан кейін пара жүзуде Зульфия Ғабидуллина 13:47-де ел намысын қорғайды.
Ал 23:00-де пара үстел теннисінен Әли Мақұлбеков жарыс жолына шығады. Қарсыласы - Марк Ледо.
Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.
Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салсақ, Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.