АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.
Бүгін пара дзюдодан әйелдер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде J2 класында ел намысын қорғаған Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды.
Ол қола жүлде үшін белдесуде итальяндық Каролина Костадан басым түсті. Бұған дейін, жұбаныш белдесуінде, Зарина австралиялық Тейлор Госенсті иппонмен жеңген болатын. Ширек финалда Раифова қытайлық Ван Х. иппонмен есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының медальдар саны 10-ға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 4 қолаға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.