ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан VI Паралимпиадада 31 тамызда үш қазақстандық спортшы сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшылар суға жүзу, нысана көздеу және жеңіл атлетика спортынан бақ сынайды.
Қазақстандықтар қатысуымен өтетін ойын кестесі (елорда уақытымен):
Суға жүзу. Әйелдер. 100 метр. Еркін әдіс. 06:20. Әлия Рахымбекова
Нысана көздеу. Әйелдер. Пневматикалық пистолет, 10 метр. 06:30. Айсұлу Жұмабаева
Жеңіл атлетика. Ерлер. Ядро лақтыру. Финал. 06:52. Дастан Мұқашбеков.
Қазірге дейін Қазақстан қоржынында төрт медаль бар.
Олардың қатарында Давид Дегтярев (парапауэрлифтинг) чемпион атанса, парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс жүлдегер болды.
Дүбірлі дода 5 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.