Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төлем толық көлемде берілді. Заңнамаға сәйкес, Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері Александр Колядинге 250 мың АҚШ доллары табыс етілді.
Сонымен қатар, IV (шаңғы жарысы) және VI орын (биатлон) алған Александр Герлицке де төлем берілді. IV, VI орындары үшін ол 30 және 5 мың доллар көлеміндегі қаржыны алуы тиіс.
Тағы бір айта кетерлігі, дәл осындай сомадағы төлем спортшылардың бапкерлеріне де қарастырылған.