ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 32-орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына төрт медаль түсті.
Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев чемпион атанса, парадзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер болды.
Одан кейін парадзюдошы Теміржан Дәулет те күміс медаль алды.
Бүгін олардың қатарын парадзюдошы Зарина Байбатина толықтырды.
Осылайша Қазақстан 1 алтын, 3 күміспен жалпы командалық есепте 32-орынға жайғасты. Ал 28 тамызда қазақстандық спортшылар 25-орында тұрған еді.
Медаль алу бойынша Қытай көш бастап тұр. Оның еншісінде барлығы 103 (45 алтын, 29 күміс, 29 қола) медаль бар. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания - 60 (23-19-18), АҚШ - 40 (15-16-9) медальдан еншілеген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.