Медаль саны бойынша Қытай құрамасы алты алтынмен, төрт күміспен және алты қоламен бірінші орынға шықты.
Екінші орында Украина құрамасы (3-3-1), үшінші орында – Жапония (2-0-2).
Жарыстың үшінші күнінде, 7 наурызда сноубордтан бірінші марапат жиынтығы ойнатылады.
Чжанцзякоуда шаңғы спортынан ұлттық орталықта алғаш рет көзі нашар көретін шаңғышылар жарысқа қатысады.
Бейжіңде ауа райының бірден жылынуына байланысты пара тау шаңғысы спортынан суперкомбинация дисциплинасы кейінге шегерілді.
Жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасынан ешкім өнер көрсетпейді. Қазақстандық спортшылар сейсенбі, 8 наурызда парабиатлонға (10 км) қатысады.