НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі дода елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады.
Айтулы аламанда Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғайды.
Салтанатты шарада еліміздің туын пара шаңғышы Ербол Хамитов ұстап шығады. Ол аталған спорт түрінен әлем кубогының қола жүлдегері болған. Сондай-ақ, ол - халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті.
1994 жылы Лиллехаммер қаласында 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс жүлдегер атанды.
2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында мәре сызығын бірінші болып қиды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.