Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, пара жүзуден SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Нұрдәулет Жұмағали финалға жолдама алды. Ол іріктеу кезеңінде 1:05.11 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші жетті. Сонымен қатар Нұрдәулет осы нәтижесімен Азия рекордын жаңартты.
Финал Астана уақытымен 22:01-де өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әмір Мұратбековтің Паралимпиаданың финалына шыққанын жазған едік.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алған болатын.
Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.
Осыған дейін Давид Дегтяревтің екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанғанын жаздық.
Чемпионды жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.